15
қазан
2026
Шорманова Жанна Алимбердиевна
Мен, Шорманова Жанна Алимбердиевна, 1979 жылғы 9 қыркүйекте Алматы облысы Райымбек ауданында дүниеге келдім.1996 жылы Райымбек ауданы Қақпақ ауылындағы Жәмеңке атындағы орта мектепті бітірдім. 1997 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (бұрынғы Алматы мемлекеттік медицина институты) гигиена және эпидемиология факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы жоғары білім алып, оқу орнын тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2005 жылы Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында бас маман қызметінен бастадым. Аталған мекемеде 2005–2019 жылдар аралығында еңбек етіп, санитариялық-эпидемиологиялық саланың дамуына өз үлесімді қостым.
2019–2020 жылдары санитариялық-эпидемиологиялық аудит жөніндегі сарапшы қызметін атқардым. 2020–2021 жылдары Алматы қаласында Санитариялық-эпидемиологиялық мәселелер бойынша сарапшы-аудитор болып жұмыс істедім.
2021–2022 жылдары Алматы қаласындағы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында бактериолог-дәрігер қызметін атқардым.
2021 жылдан бастап білім беру саласында еңбек етіп келемін. Қазіргі таңда жеке меншік балабақшаның директоры болып қызмет атқарамын. Өз жұмысымда балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына, олардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлемін.
Отбасылымын. Жолдасым және төрт балам бар. Отбасым – менің басты тірегім әрі өмірдегі ең үлкен байлығым.
Еңбек жолымда жауапкершілікті, ұқыптылықты және өз ісіме адалдықты басты қағидаттарым ретінде ұстанамын. Жинақтаған кәсіби тәжірибем мен білімімді қазіргі қызметімде тиімді пайдаланып, білім беру саласының дамуына үлес қосуға ұмтыламын.